© 2009. Білім шапағаты
http://www.bsh.kz/news/1322841176.html
02-12-2011
Автор: Р.Е.ҚҰТЖАНОВА, Достық орта мектебінің технология пәні мұғалімі Алматы облысы,Алакөл ауданы.

БИСЕРМЕН ЖҰМЫС

Сабақтың мақсаты:оқушылардың бисермен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
а)Білімділік:оқушылардың сәндік-қолданбалы өнердегі білімін жүйелендіру,шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
ә)Дамытушылық:сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру,эстетикалық талғамын дамыту.
б)Тәрбиелік:өз бетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға,ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ .
Сабақтың әдісі:сұрақ -жауап,түсіндіру,сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс:биология,тарих,сызу,бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі:моншақтан жасалған бұйымдар,үлгілері,схема,кітаптар,журналдар
Қажетті құрал-жабдықтар:ине,жіп,жібек жіп,леска,бисер түрлері,тор дәптер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып,түгендеп шығу,сабаққа дайындығын тексеру,қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
2.Јткен сабақты қайталау.
Жасалған жұмысты тексеру.
1)Бисермен қандай заттарды әшекейлеп тігуге болады?
2)Бисерді машинамен тігу ме,әлде қолмен тігу қолайлы ма?
3.Жаңа сабақ.
-Бисер деген не?Оларды пайдаланып не жасауға болады?
Бисер-ұсақ түрлі түсті моншақтар.Стеклярус-ұзын таяқшалар,рубка-қысқа таяқшалар деп бөлінеді.
Бисердің отаны-Ежелгі Египет.Бисер тоқу өнері-ертеден кеңінен таралып,танылып келе жатқан халық шығармашылығының бір түрі.Халық тұрмысында үлкен рөлі бар.Бисермен тігілген бұйымдар өте жоғары бағаланады,әсіресе қолмен тігу түрі ерекше.Бисер –Египеттегі бусра деген арабтың атымен аталып,содан «Бусер»деген атпен «Жалған маржан» аталады.Египеттіктер «бусра» деп айтса,бізге келіп «бисер-ұсақ моншақ»-деп аталады.Бисермен қазақтың ұлттық ою-өрнектерін,тұмарша,алқа,бой тұмар,шашбау,сырға жасауға болады.Бисермен тоқу,тігу,желімдеу өнерлері де бар.Бисермен тоқу- ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнердің бір түрі.
Бисермен тоқу жұмысы қызықты,әрі қарқынды жүруі үшін тек құрал-жабдықтар түгел болып қана қоймай,сонымен қатар жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың да маңызы бар.Үстелге жылы түсті матаны бүктеп орналастыру қажет,онда бисер жақсы көрініп,көзді шаршатпайтын болғаны жөн.Іске кірісер алдында бисердің қажетті түстерін араластырмай қоямыз.Әзірленетін бұйымның схема-сызбасын тіреуішке тіреп көз алдымызға қоямыз.Жұмысқа кіріспес бұрын схемамен мұқият танысқан жөн.
4.Сарамандық жұмыс.
Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін еске саламыз.
1.Инені аузыңа салма.
2.Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
3.Инені кез келген жерге қадауға болмайды.
4.Бисерлер шашылып кетпес үшін оларды кесілген матаның үстінде немесе қорапшада ұстаған жөн.
Схема оқушыларға таратылып түсіндіріледі.Осы бойынша оқушылар өздеріне керекті түстерді таңдап,жұмыстарын бастайды.
5.Сергіту сәті.Сөзжұмбақты шешу.

6.Қорытындылау.
1.Бисер дегеніміз не?алғашқы да қалай аталған?
2.Бисер түрлері қандай?
3.Қандай бұйымдар жасалынады?
Мақал-мәтелдер.(аяқтау)
1.Жеті рет өлшеп...... (бір рет піш)
2.Көз қорқақ.............. (қол батыр)
3.Ердің атын............. (ел шығарар)
4.Јнер көзі................. (халықта)
5.Ата көрген............. (оқ жонар)
Шеше көрген............. (тон пішер)
6.Ата-мұра................ (асыл қазына)
7. Оқушыларды бағалау.
8.Үйге тапсырма (жұмыстарын аяқтау),жұмыс орнын жинау



Информация распечатана с сайта www.bsh.kz в 02:10 25-04-2014
Использование материалов возможно с сохранением активной ссылки на автора и издание.