© 2009. Білім шапағаты
http://www.bsh.kz/news/1301640966.html
01-04-2011
Автор: С.К.КАРБОЗОВА, Балпық би кентіндегі қазақ орта мектеп-гимназиясының II-санатты технология пәнінің мұғалімі Көксу ауданы

Бисерден қазақтың ұлттық киімдегі жігіт пен қыз бейнесін тігу

Сабақтың мақсаты: оқушыларға бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету.
Дамытушылық мақсаты: бисермен бұйым жасау арқылы қол икемділігін дамытуға кәсіптік бейімділігін қалыптастыру, іскерлік өнерге баулу.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: моншақ, бисер, стеклярус, бұйымның бірнеше үлгілері, кестелердің жасалу түрлері, материалдар мен құрал-жабдықтар: бисер, ине, жіп, мата.
Пәнаралық байланыс:тарих, сызу, математика, бейнелеу өнері.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Өткен сабақ сұрау;
3. Жаңа сабақ;
4. Сарамандық жұмыс;
5. Білімдерін бағалау;
6. Үйге тапсырма;
Жаңа сабақ:
Сабақтың мазмұны мен барысы:
Адам баласы ертеден тұрмыс орнын, киімдерін әдемілеуге тырысты.Бисерді әр халық өзінше таныған. Бисердің отаны ежелгі Египет, бұл жерде түрлі-түсті шыныдан моншақтар да жасалған. XV ғасырда және XVI ғасырдың басында бисер өндірісі ерекше дамыған. Қазір бисер өру дәстүрі қайта сәнге кірді, өнер саласында бисердің қолдану аясы үлкеюде. Бисермен жұмыс істеу арқылы сендер оның өте алуан түрлі екенін білдіңдер. Қазіргі кезде бисерлерді, негізінен, әшекей бұйымдар ретінде қолданады.
Бисерге сипаттама: түріне қарап бисерді: қарапайым, жай бисер, стеклярус, рубка, богема бисері деп бөледі.
Бисер ол- кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әр түрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді. Ал өңделуіне қарай тұтас боялған немесе шаңдатылған күңгірт не құбылмалы түсті болады. Біздің бүгінгі сабағымызда бисерден қазақтың ұлттық киімдегі жігіт пен қыз бейнесін тігеміз.
1.Бисерден сүйкімді бояуларын алу үшін түстер таңдай білу керек.
2.Бисердің арнайы инесі бар. Ол өте жіңішке №1 болуы керек, жұмыс үстінде бірнеше ине қолданған дұрыс.
3.Бисермен бұйым жасағанда бір-біріне нығыз іліну керек. Жіпті қатты тартуға, керісінше бос қоюға болмайды. Бұйым тегіс түспейді. Егер бұйымнан қате тапсаңыз ерінбеңіз, сөгіп қайтадан қатеңізді түзетіңіз.
4.Техникалық орындалуына қарай:
1.Мата таңдаймыз.
2.Матаға суретін түсіреміз.
3.Әр түрлі түсті бисер таңдаймыз.
4.Ине-жіп.
Қорытынды бөлім: Бисермен әдемі бұйымдар жасау көп уақытты талап етеді, бірақ әдемілік үшін уақытты қиюға тура келеді. Көрме ұйымдастырып, ұтымды шығармашылық жұмыстарды талапқа сай екеніне сараптама жасаңдар.



Информация распечатана с сайта www.bsh.kz в 07:50 23-04-2014
Использование материалов возможно с сохранением активной ссылки на автора и издание.