© 2009. Білім шапағаты
http://www.bsh.kz/news/1265297190.html
04-02-2010
Автор: А.Ж.КАБИДЕНОВА № 2 орта мектеп Талдықорған қаласы

Т. Молдағалиев «Гүлдер»

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Балалар үйге берілген тапсырманы мәнерлеп оқиық (2 оқушы)
2.Сурет бойынша әігіме -3 гүл (екі оқушы)
ІІІ. Өткенді қайталау.
Балалар сәл демалып, сөзөрім шешеді.
1. «Ормандағы оқиға» ертегісіндегі жағымсыз кейіпкер
2.«Ұясы дөп-дөңгелек тостағандай, тап-таза кіршік қиқым қоспағандай...» Қай құстың ұясы туралы айтылған?
3.«Жұмысшы», «Жауынгер», «Ханым», «Бағбан» т.б. түрлерге бөлінетін еңбекшіл, ұйымшыл жәндіктер
4.«Ертелі-кеш тыным тапқан жоқ. Әкелген жас шыбықтарды үйінің тұсындағы көше бойына, аула ішіне отырғызып, оларды дамылсыз суарып, қадағалаумен болған? - әңгімеден үзінді кім туралы?
5.«Кешіріңіздер мен отырғызған ағаштарымызды бүгіннен бастап мәпелеп, күтуге уәде беремін» - деген кім?
6.«Бастапқыда аш өзегіне түсіп кетпесін деген оймен жемді аздап беруге тура келді. Оны шоқып-шоқып жеп қойды» - қай әңгімеден үзінді?
7.«Адам да, мал да өзінше»
Жүр жадырап далада
Жаңа жылды қарсы алып тұр,
Кәрі де, жас та, бала да» - деген жолдар қай өлеңнен үзінді?
Кабиденова Ардақ Жұмабекқызы
Туған жылы: 1975 ж, 16 маусым
Бітірген оқу орны: Семей педагогикалық колледжі, бастауыш сынып мұғалімі, (1994ж), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі, (2002ж)
Еңбек өтілі: 15 жыл
IV. Жаңа сабақ
1.– Ерекше белгідегі жолдан қандай сөз шықты?
-Олай болса, біз бүгін «Тасбақаның шөбі» мәтінімен танысамыз.
Авторы - Әбіш Кекілбай.
-Балалар, жазушы Ә. Кекілбайдың тағы қандай шығармаларын белесіңдер?
(«Тырау-тырау тырналар», «Бір шөкім бұлт»)
Әбіш Кекілбай (06.12.1939 ж.) Маңғыстау облысы, Оңда ауданында халық жазушы (1992), қоғам қайраткері. Оның алғашқы өлеңдері «Алтын шуақ» (1962ж.) – (өлеңдер жинағы) деп аталады. «Бір уыс топырақ», «Бір шөкім бұл», «Тырау-тырау тырналар», «Құс қанаты» т.б. әңгіме, роман, повестері бар.
2.Топтастыру
3.– Балалар, тасбақа туралы не білесіңдер? Оқығандарың, көргендерің туралы топтастырыңдар
3. Кубизм стратегиясы 1 топқа, 4 тапсырма
1.Суретшілер –мәтін бойынша сурет СА лады
2.Актерлер – көрініс қояды
3.Жазушылар – шағын әңгіме немесе өлең шығару
4.Сарапшылар – бағалайды
-Бұл кімдер? (әр топ)
Суретші –сурет салуға маманданған адам
Актер – драмалық спектакль мен кинофильмде роль ойнаушы
Жазушы - әдеби еңбектермен шұғылданатын, көркем шығарма жазумен айналысатын адам
Сарапшы – сарапқа салушы, бағалаушы, сыншы
V. Оқулықпен жұмыс
1.Мәтінмен таныстыру
2.Сөздік жұмыс
а) Кібіртік – баяу қимыл, сылбыр жүріс. Аяқ басуы да соқыр адамдай тым кібіртік.
ә) Қара жал қақырай сөгіліпті – жердің жарылуы, жарық –жарық болып бөлініп қалуы.
б) Тұқшаңдаған –бүріскен, бойын жазбай жүруі.
в) Тарбаңдай – тарбаң-тарбаң еткен қимыл.
г) Шегір көз – сарғыш келген көз
3. Мәтін бойынша жұмыс.
а) Әңгіме халықтың қандай ырымдарына құралған?
ә) Мәтін неліктен (Тасбақаның шөбі) деп аталған?
б) Өздерің жануарларға, аңдарға, құстарға байланысты қандай ырымдарды білесіңдер?
4. Дәптермен жұмыс
- Әңгіме Қара бала мінген аттың жүрісі жөнінде айтылған жолдарды тауып, дәптерлеріңе жазып алыңдар.
VI. Сергіту сәті. Бейнетаспадан көрініс.
Тасбақаның тіршілігі туралы қосымша мәлімет.
VII. Әр топ тапсырмасын қорғайды.
VIII. Қорытынды. Топтастыруды әр топ оқушылары толықтырады.
ІХ. Бағалау
Х. Үйге тапсырма
Мәтіндегі өздеріңе ұнаған үзіндіге эссе жазыңдар. (эссе –оқушының өз пікірі)



Информация распечатана с сайта www.bsh.kz в 10:11 23-04-2014
Использование материалов возможно с сохранением активной ссылки на автора и издание.